ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ «ИСЛАМДАҒЫ ӘЙЕЛ ӘДЕБІ» ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

13 қараша 2025 496 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде қыз-келіншектерге арналған «Исламдағы әйел әдебі» атты семинар өтті.

Рухани мәні жоғары басқосуға Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Мамырқызы бастаған «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары мен әйел жамағаты қатысты.

Жиында мешіт ұстаздары отбасы ұйытқысы болып отырған әйелдер қауымына ене мен келін қатынасы, отбасындағы сыйластық және күйеуінің разылығы – ата-анаға құрметтен басталатыны жайлы өнегелі ойлар айтты. Ал мешіттің наиб имамы Абдулахад Сманов жалпы ислам әдебі туралы тағылымды баяндама жасады.

Жиын соңында ҚМДБ «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Ислам әдебі» кітабы қатысушыларға үлестірілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру