Рим папасы зілзаладан зардап шеккендерге 100 000 доллар жіберді

08 қазан 2018 6577 0
Оқу режимі

Рим папасы Франциск Индонезияның Сулавеси аралында орын алған жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккендерге 100 000 АҚШ доллары көлемінде көмек жөнелтіп отыр. Ватикан департаментінің хабарламасында айтылғандай, бұл көмек «Рим папасының Индонезия халқына деген әкелік мейірімі мен рухани жақындығын» білдіреді.

Қаржылай көмек табиғат апатынан қатты зардап шеккен аудандарға бөлінетін болады. Айта кетейік, 28-қыркүйек күні орын алған зілзала мен цунами кесірінен қазіргі уақытта ресми деректер бойынша 1600-ден астам жан қыршын кеткен. Ал, бар-жоғы белгісіз жоғалғандардың саны бірнеше мыңның үстінде саналып отыр.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру