Сектор меңгерушісі жастармен жүздесті

21 мамыр 2023 2324 0
Оқу режимі

Астанадағы «Ырыскелді қажы» мешітінде «Бос уақыт және денсаулық» тақырыбында жастармен жүздесу өтті.

Іс-шарада ҚМДБ Жастар секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы арнайы қонақ болып, мешіттің жастар жамағатына бос уақыт және денсаулықтың қадірі жөнінде насихат айтты.

«Адам баласы үшін денсаулық пен бос уақыт ең ұлы нығметтерден саналады. Әсіресе адамның жастық шағы әрбір минутын бос өткізбей, күш-қуатын істермен айналысуға сарп қылуы тиіс. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәшһүр хадисінде: «Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі үлкен нығмет бар. Олар – денсаулық және бос уақыт» деген. Ендеше қоғамға пайдалы болуды және болашағын ойлаған әрбір адам Пайғамбар өсиетін есте ұстап, екі ұлы нығметтің қадірін білгені жөн» деді Әділет Рахымұлы. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру