Түркия дін істері басқармасы төрағасы құттықтау хат жолдады (ФОТО)

12 ақпан 2020 5780 0
Оқу режимі

Түркия Дін істері басқармасы төрағасы, профессор Әли Ербаш ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

«Діни әрі рухани тұрғыдан аса табысты қызмет ететініңізге сенімдімін. Екі мекеме арасындағы күннен күнге дамып келе жатқан тығыз ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсуін Алладан тілеймін. Осыған орай ең әуелі жоғары мәртебелі әрі маңызды қызметке сайлануыңызбен құттықтаймын! Алла Тағаладан сізге және Діни басқармада қызмет атқарып жүрген барша басшыларға, өкілдерге, имамдарға және дін қызметкерлеріне табыс және жетістік тілеймін!» делінген жеделхатта.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру