Үздік имам кіші қажылыққа жолдама алды

01 ақпан 2019 7743 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Сыр имамдарына қолдау білдіру мақсатында «Жыл  имамы» деген атқа лайықты қызметкерге кіші қажылыққа жолдама табысталды.

Жолдама жеңіп алудың шарты бойынша бірнеше жылдан бері облысымызда дәстүрлі дінімізді насихаттап діни тұрақтылықты сақтау жолында жүгі мен жауапкершілігі мол қызметті адал атқарып жүрген имам болуы тиіс.

Барлық талаптар бойынша Қазалы ауданы, Қызылту ауылы «Жалаңтөс батыр» мешітінің имамы Алманиязов Ғалым Жұманұлы лайық деп танылды. Ғ.Алманиязов 1963 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылында дүниеге келген. Бірнеше жылдан бері ауыл халқы үшін аянбай еңбек етіп жүрген дін қызметкері.

Сонымен қатар, аталмыш жарыс діни қызметкерлердің арасында ғана емес, «Ерназар-Мақсұм» мешітінің жамағаты арасында да «Белсенді азамат» номинациясы бойынша  өткізіліп жатыр.

Облыстық депутат, дінге жанашыр кәсіпкер азамат Қ.Ерназар мырзаның демеушілігімен ұйымдастырылған  игі шара келер жылы да өз жалғасын табатын болады.

 

Дереккөз: ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру