Шүкір сәждеcінде не айтамыз?

03 қыркүйек 2018 21946 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум. Шүкір сәждесін жасау қалай болады екен? Ол сәждені жасағанда не деп айту керек?


Жауап

Уа алейкум ассалам. Шүкір сәждесі – адам қандай да бір қуанышқа кенелгенде немесе қиындықтан құтылғанда Алланы ұлықтап, Оған шүкірлік етіп жасайтын сәждесі. Бұл сәжденің үкімі – мұстахаб[1]. Бұл сәжде әдеттегі сәжде іспеттес жасалады, яғни дәретті күйде құбылаға қарап тәкбір келтіреді де, тікелей сәждеге барып белгілі зікірлерді айтады[2], сосын сәлем берместен қайта тұрып кетеді.

Сәжде аятында намаздағы сәждеде айтылатын зікірді айту – мұстахаб амал. Сол сияқты мына дұғаларды айту да мұстахаб:

  1. سَجَدَ وَجْهِي لِلَّذِي خَلَقَهُ، وَشَقَّ سَمْعَهُ وَبَصَرَهُ، بِحَوْلِهِ وَقُوَّتِهِ

(Сәжәдә уәжһи лилләзи халақаһу, уә шәққа самъаһу уә бәсараһу би хаулиһи уә қууатиһи)

Мағынасы: «Жүзім күш-қуатымен өзін жаратқан, құлағы мен көзін жасаған (Аллаға) сәжде етті»[3].

  1. سَجَدَ وَجْهِي لِلَّذِي خَلَقَهُ، وَشَقَّ سَمْعَهُ وَبَصَرَهُ، بِحَوْلِهِ وَقُوَّتِهِ فَتَبَارَكَ اللهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ

(Сәжәдә уәжһи лилләзи халақаһу, уә шәққа самъаһу уә бәсараһу би хаулиһи уә қууатиһи, фәтәбәракаЛлаһу Ахсанул-халиқин)

Мағынасы: «Жүзім күш-қуатымен өзін жаратқан, құлағы мен көзін жасаған (Аллаға) сәжде етті. Жаратушылардың шебері ұлы Алла»[4].

  1. اللَّهُمَّ اكْتُبْ لِي بِهَا عِنْدَكَ أَجْرًا، وَضَعْ عَنِّي بِهَا وِزْرًا، وَاجْعَلْهَا لِي عِنْدَكَ ذُخْرًا، وَتَقَبَّلْهَا مِنِّي كَمَا تَقَبَّلْتَهَا مِنْ عَبْدِكَ دَاوُدَ

(Аллаһумма-ктуб ли биһа ъиндака ажра, уа даъ ъанни биһа уизра, уажъалһа ли ъиндака зухра, уа тақаббалһа минни кәмә тақаббалтаһа мин ъабдика Дауд)

Мағынасы: «Уа, Алла! Бұнымен маған Өз тарапыңда сауап жаз, бұнымен менің күнәмді кешір, бұны маған өз тарапыңнан(қосымша)  азық ет. Бұны менен құлың Дәуіттен (а.с.) қабыл көргеніңдей қабыл көр»[5].

Сонымен қатар, шүкірлік еткісі келген адам екі рәкәт сәжде намазын оқыса болады. Бұл намаз әдеттегі сүннет намаздары сынды оқылады.

Сәттілік иесі Алла ғана.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 


[1] Кей ғалымдар шүкірлік жасау үшін сәжде жасамастан тілмен айтып қана шектелуге болады деген. Кей ғалымдар сәжденің бұл түрін сүннет санаған.
[2] Ғалымдардың бір тобы шүкір сәждесін жасау үшін қыбыла мен дәретті шарт етпеген.
[3] Абу Дауд, Тирмизи
[4] Хаким, Зәһәби
[5] Тирмизи

Пікірлер Кіру