Былшық дәрет бұза ма?
05 қыркүйек 2018
15188
0
Оқу режимі
![](/img/questions/129fb78054059bc91b62242f0d844597.jpg)
Ассалам алейкум. Көзден шыққан былшық дәретті бұза ма? Ғұсыл немесе дәрет алғаннан кейін былшық қалдығы байқалса, дәретті қайта алу керек пе? Абдуллина Ж.
Жауап
Уа алейкум ассалам. Былшықтың бөлінуі – дәретті бұзбайды. Егер дәрет немесе ғұсылдан кейін былшықтың өз орнында тұрғаны байқалса, сол жерді қайта тазалау керек, себебі ол – оның негізгі орнына судың тимегенін көрсетеді.
Ал, өз орнынан басқа жерде болса, онда қайта тазалаудың қажеті жоқ. Себебі, оның басқа жерге ауысуы – орнының жуылғанына дәлел болады.
Ең дұрысы Аллаға мәлім.
Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы
Пікірлер
Кіру