Құрбандық малын сатып аларда саудаласу күнә ма?
16 шілде 2021
7353
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Былтырғы жылы арнайы мал байлап сататын көкемізге барғанда, ол: «Құрбандыққа шалынатын мал үшін саудаласуға болмайды», – деп дүрсе қоя берді. Әрі-бері сөзге тартсақ, көнбейді. Осы турасында шариғатта не делінген? Әбдсамат Әбдіш.
Жауап
Уағалейкумуссалам, Әбдсамат!
Құрбандыққа мал сатып алғанда, сатушымен саудаласуыңыздың шариғат бойынша ешбір ағаттығы жоқ. Маңыздысы – меншігіңізге өткен, құрбандыққа жарамды малды сою.
Құрбан айт кезінде мал бағасы шамадан тыс шарықтап кететіндіктен сатушымен саудаласуға немесе арзандау жер іздеуге құқылысыз. Сол себепті де, әлгібір көкеңіздің айтқанындай, құрбандық малы үшін саудаласу, ниетіңізге зияны тиіп немесе сауабыңызды кемітпейді.
Пікірлер
Кіру