Мас күйінде талақ берілсе неке бұзыла ма?

28 мамыр 2022 8178 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Мас күйінде берілген талақ есептеле ме?


Жауап

Уағалейкумассалам! 

Ханафи мазһабы бойынша мас кезіндегі талақтың жүзеге асуы немесе аспауы ер кісінің қабылдаған ішімдігіне байланысты. Егер адамды мас қылған нәрсе адал сусын (қымыз, шұбат сияқты) себепті болса  – неке бұзылмайды. Ғұламалар бір ауыздан ондай кезде талақтың жүзеге аспайтының айтады. Ал мас қылған зат арақ, шарап, есірткі сияқты арам нәрселер болса, онда басым көпшілік ғұламларымыздің айтуы бойынша неке бұзылып, талақ күшіне енеді[1]. Алайда адам арам нәрсе қабылдап, басы ауырып есінен адасып кетіп, есінен адасып кетуі де арам нәрсе себепті емес, бәлки қатты бас ауруы салдарын болса – талақ жүзеге аспайды[2].  Өйткені, оның есінен адасуына арам ішімдік тікелей әсер етпеді. Міне осы пікір мазһабымызда негізгі сүйенетін үкім болып табылады.  

Хадисте:

ثلاث جدهن جد وهزلهن جد: النكاح والطلاق والرجعة.

«Үш нәрсе шын айтылса да, әзлдеп айтылса да жүзеге аса береді: Некелесу, ажырасу және әйелді қайтып некеге қайтару»[3]. Тіпті әзілдеген адамның талағы түсетіні айтылып жатыр. Оған қоса, арам нәрсе ішкен адамның ешқандай үзірі жоқ. Күнәсына жаза ретінде талағы жүзеге асады.

Әйгілі ғұламамыз Қадри Паша бұны былай деп баяндайды:

«Өз еркімен, өз таңдаумын әрі күштеп мәжбүрлеместен және аса зәру жағдайға түспестен арам нәрсе себепті мас болған кісінің талағы жүзеге асады».[4]

Имам Абу Джағфар Тахауи, Мухаммад Кархи сынды ғұламаларымыз бұл пікірге қарсы шығып,  арам зат себепті болса да мас күйінде берілген талақ жүзеге аспайтынын баяндайды. Себебі, мас болған адмның ақыл иесі дұрыс емес. Ал ұйқыдағы және жынды адамның талағы жүзеге аспайтыны – бір ауыздан келісілген мәселе. Бұл пікірді әйгілі Мухаммад Зейд Ибъяни атты ғұламамыз негізге алды. Негізге алатын дәлелдері келісі хадис:

رُفِع القَلمُ عن ثلاثةٍ: عن النَّائمِ حتَّى يستيقظَ، وعن الصَّبي حتَّى يحتلِمَ، وعن المجنونِ حتَّى يَعقِلَ

«Үш түрлі кісіге қалам жүрмейді (яғни, күнә жазылмайды): оянғанға дейін ұйқыдағы адамға, айыққанға дейін есі ауысқан адамға және балиғат жасына жетпеген кішкене балаға»[5]

Қорытынды: Арам шөлмекті ішіп, талақ берген кісінің талағы күшіне енетіні мазһабымызда негізігі үкім. Кейбір ғұламаларымыз бұған қарсы шықты. Сондықтан да мұндай нәрсе орын алса, дереу құзыретті шариғат мамандарына жүгіну қажет.

                                                                                   Дарханұлы Тамирлан
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
пәтуаға жауапты маман

 


[1] Бурхануд-дин Марғинани, Хидая 490 бет, 3 том.
[2] Мухаммад Қадри Баша. Әл-ахкаму шарғия фи-Ал-ахаулу аш-шахсия, Шарху Мухаммад Зейд Ибъяни 2 том, 517 бет.
[3]Имам ибн Мажа келтірген хадис
[4] Мухаммад Қадри Баша. Әл-ахкаму шарғия фи-Ал-ахаулу аш-шахсия, 514 бет
[5] Имам Бухари келтірген хадис

Автор: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру