Оразада әдейі ішіп-жесе не болмақ?

13 наурыз 2023 6021 0
Оқу режимі

Рамазан уақытында біліп тұрып, әдейі ішп-жесем не болмақ?


Жауап

Әлдекімнің әдейі бұзған оразасы үшін: бір құл азат етуі тиіс, ол болмаса 60 күн үзбей ораза ұстайды (кәффәрат қазасы), ораза ұстауға шамасы жетпесе ғана 60 мұқтаж адамға тамақ береді[1]. Мұны шариғатта «ораза кәфәраты» дейді.

Алайда кәффәратты қажет еттіреді деуіміз үшін мынадай талаптар табылу керек:
1.Рамазан оразасы. Қаза оразасын немесе нәпіл оразасын әдейі бұзған кісі кәффәрат өтемейді.
2.Әдейі еш себепсіз бұзған болуы керек. Бір себептермен бұзса, яки абайсызда бұзып қойса, немесе біреудің мәжбүрлеуімен ауызын ашып жатса, оған кәффәрат керек емес.
3.Ауырып қалу немесе жолға шығу сияқты зәру жағдайдың болмауы
4.Ораза ұстауға түннен ниет етуі. Әдейі бұзған оразасына түннен ниет етіп ұсталған ораза болуы шарт. Сәресіге дейін ниет етілген ораза болуы керек. Сәресінің уақыты өтіп кеткеннен кейін сол күнгі оразаны ұстауға ниеттенген кісі оразасын әдейі бұзса, оған кәфәрат қажет емес, тек қазасын өтейді. Бірақ әдейі бұзғаны үшін күнәлі болады.
5. Ішке түскен заты адамға қорек болар азық немесе дәрі-дәрмек болуы тиіс және бұларды асқазанға ауыз арқылы барған болуы шарт. Ал, тас, құм, топырақ сияқты адамға қорек болмайтын заттарды жұтқан болса немесе сасық су, бұзылып кеткен тамақ, қамыр, ұн сияқты әдетте ас боп есептелмейтін заттарды жеген жағдайда оған тек қаза керек болады, кәффәрат керек емес.
6.Жыныстық қатынас. Әдейі ораза екенін біле тұра қатынасқа түскен болуы керек.
Осындай жағдайларда әдейі ішіп-жеген кісі немесе жыныстық қатынасқа түскен адам кәффәрат өтеу керек болады. Яғни, Рамазаннан кейін үзбей 60 күн ауыз бекіту қажет. Оразаға шамаңыз жетпесе 60 пақырды тамақтандырасыз.
 


[1] Хадис: Бухари; Муслим
 

Пікірлер Кіру