Үйде тұрып мешіт имамына ұюға бола ма?
05 сәуір 2023
4527
0
Оқу режимі
Үйімде тұрғанда мешіттегі имамның дауысы естілсе, оған ұюыма бола ма?
Жауап
Жамағатпен намаз оқудың шарты – имам мен ұюшының арасында үлкен арақашықтықтың болмауы. Омар ибн әл-Хаттаб: «Мешіттегі имам мен оған ұюшының арасында қандай да бір жол, өзен немесе әйелдер сабы болса, ол кісінің намазы дұрыс емес» деген.
Жалпы, мешіттің ішінде болып, бірақ имам мен ұюшының арасында біраз қашықтық болса, (ортадағы саптар бос болса) ол кісінің намазы дұрыс, бірақ намаз сауабының кему ықтималдығы жоғары. Сүннет бойынша, имамға ұюшы кісі оған жақынырақ сапқа тұрғаны абзал.
Тамирлан Дарханұлы,
Астана қаласы бойынша пәтуаға жауапты маман
Пікірлер
Кіру