ДІНДЕГІ «МҰҒЖИЗА» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?

20 қазан 2025 1062 0
Оқу режимі

Сұрақ: Діндегі «мұғжиза» сөзінің мағынасы қандай?


Жауап

 Жауап: Мұғжиза – пайғамбарларға тән, Алланың ерекше күшімен болатын, табиғи заңдылықтарға бағынбайтын ғажайып оқиғасы. Бұл адамдардың ақылы жете бермейтін, пайғамбарлардың шынайылығын дәлелдеу үшін көрсетілетін керемет.

Мұғжиза пайғамбарлықты дәлелдеу үшін беріледі. Керемет әулие, салихалы құлдарға Алланың сыйы ретінде беріледі, бірақ ол ешқашан мұғжизамен тең болмайды.

Қазіргі таңдағы жалған пайғамбарсымақтар, көріпкелдер адамдарды алдау үшін сиқырды, жалған иллюзияны пайдаланып, тылсым дүниелермен арбайды. Мұндай жалғаншы әулиесымақтардан сақ болғанымыз абзал.

Пайғамбарлардың кезіндегі мұғжиза деректері Құран аяттарында, хадистер мен ислам ғалымдарының еңбектерінде кең баяндалған. Мынадай пайғамбарлардың мұғжизаларын атап өтуге болады. Мұсаның (а.с.) Перғауынның сиқыршыларымен болған оқиғасында Алла Мұса пайғамбардың таяғын үлкен айдаһар етіп өзгертуі, Исаның (а.с.) соқыр мен алапес ауруларын емдеуі, Ибраһимнің (а.с.) Намруд падша Ибраһимді отқа тастағанда жанбауы, Сүлейменнің (а.с.) жындарды бағындыруы мен хайуандардың тілін түсінуі, Нұхтың (а.с.) топан су оқиғасы мен кеме жасауы, Мұхаммедтің (с.а.у.) Құран Кәрімді Мұғжиза етіп беруі және басқа да мұғжизалар Құранда баяндалған.

Kazislam.kz

Автор: айтбай арслан

Пікірлер Кіру