АРАҚ-ШАРАП САТАТЫН ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ МА?

05 қараша 2025 445 0
Оқу режимі

АРАҚ-ШАРАП САТАТЫН ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ МА?


Жауап

Жауап: Шариғатымызда мұсылман адамның арақ-шарап сатуына, сатып алуына тыйым салынады. Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте Алланың елшісі шарапқа байланысты мынандай он нәрсеге қарғыс айтқан: «Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырады: арақтың өзі, оны ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, әкелуші мен әкелдіруші және арақтан түскен пайданы жеуші Алла тарапынан қарғысқа ұшырады»[1].

Алла Тағала Құранда: «Жақсылық пен тақуалықта бір-бірлеріңе жәрдем беріңдер! Ал күнә мен дұшпандықта бір-біріңе жәрдемдеспеңдер!»[2] – деген. Сондықтан арақ-шарап сату күнәлі іске жәрдем беру болғандықтан ондай жерде жұмыс істемеген дұрыс.

                                                                              ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі


[1] Имам Әбу Дауід, № 3674.

[2] «Мәида» сүресі, 2-аят.

 

Автор: айтбай арслан

Пікірлер Кіру