БАЛАНЫҢ ҚҰЛАҒЫНА АЗАН ШАҚЫРЫП, ЖАҚСЫ АТ ҚОЮ ҮКІМІ?
БАЛАНЫҢ ҚҰЛАҒЫНА АЗАН ШАҚЫРЫП, ЖАҚСЫ АТ ҚОЮ ҮКІМІ?
Жауап
Жауап: Ислам шариғаты бойынша да туылған баланың құлағына азан шақырып ат қою – сүннет. Шариғат бойынша нәрестенің оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылады. Хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы Фатима Әлиұлы Хасанды босанған кезінде оның құлағына намазға азан айтқандай азан айтқан»[1]. Келесі хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хасан (р.а.) туылған уақытта оның оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтқан»[2].
Сондай-ақ, балаға қойылған есім мағыналы, естілгенге әдемі болуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «(Сәбилерге) пайғамбарлардың есімдерін беріңдер. Есімдердің Аллаға сүйкімдісі – Абдулла, Абдурахман, ең дұрысы– Харис (егінші, диқан, кәсіп етуші), Һәммам (жігерлі, майталман), ал ең жаманы– Харб (соғыс) және Мурра (ащы)»[3] – деген.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
[1] Әбу Дәуід, №5105. Тирмизи, №1594.
[2] Имам Бәйһақи.
[3] Бухари, №814.
Автор: айтбай арслан