Керең адам жамағатпен намаз оқи ма?

30 қаңтар 2019 10321 0
Оқу режимі

Ассалам алейкум. Жастайымнан құлағым естімейді. Қазір намазды толық оқып жүрмін, мешітке де барамын. Адайда намазды жамағатпен оқыған кезімде имамды мүлдем естімеймін, тек қасымдағы адамдардың іс-әрекеттерін қайталап тұрамын. Бұған онша көңілім толмайды. Осылай оқыған намазым дұрыс па, әлде жамағатсыз оқығаным жөн бе?


Жауап

Уа алейкум ассалам. Егер намазыңыздың сыртқы[1] және ішкі парыздары[2] толық болса, онда оқыған намазыңыз дұрыс болып есептеледі.

Жамағатпен оқылған намазда айналаңыздағы адамдардың іс-әрекеттерін толықтай қайталап отырсаңыз, еш кемшілігі болмайды. Намаздың қабыл болу-болмауы – Алланың қалауымен.

Сәттілік иесі Алла ғана.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

 


[1] Дәрет пен ғұсылдың болуы, намазға кедергі келтіруі мүмкін нәжісаттан тазалық, әурет жабық болуы, құбылаға бетті бұру, уақыттың кіруі, ниет ету.
[2] ифтитах (ашу, бастау) тәкбірін айту, қиям (тұру), қырағат (Құраннан сүре немесе аяттарды оқу, алайда жамағатпен оқыған адамға имамның оқығаны жеткілікті), рүкүғ (енкею), сәжде және ақырғы отырыс.

Пікірлер Кіру