Әйел адам бала емізген уақытта немесе сүті шыққан кезде дәреті бұзыла ма?

10 шілде 2018 19499 0
Оқу режимі

Менің сіздерге қояр сұрағым: Әйел адам бала емізген уақытта немесе сүті шыққан кезде дәреті бұзыла ма?


Жауап

Шариғат бойынша әйел адамның бала емізуі, сүтінің шығуы дәретін бұзбайды. Өйткені дәретті бұзатын шарттарынан емес. ӘбуХанифа мәзхабы бойынша дәрет тек төмендегі жағдайларда ғана бұзылады.

1. Үл­кен-кіші дә­рет, қан, мә­ни, мә­зи, уәди се­кіл­ді нә­жі­сат­тың не­ме­се қан­дай бір сұйық, не қою нәр­се­нің шы­ғуы. 

2. Мұ­рын­нан не­ме­се де­не­нің кез-кел­ген же­рі­нен қан, ірің се­кіл­ді нәр­се­лер­дің шы­ғуы. Ауыз­дан кел­ген қан егер тү­кі­рік­тің кө­ле­мін­дей не­ме­се тү­кі­рік­тен көп бол­са, дә­рет­ті бұ­за­ды. Аз бол­са бұ­зыл­майды. Де­не­нің бас­қа же­рі­нен шық­қан қан айна­ла­сы­на жайыл­са, дә­рет­ті бұ­за­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Әр­бір ақ­қан қан үшін дә­рет алу ке­рек», – дейді. Егер ине ұшын­дай бір қан шы­ғып, қа­тып қал­са дә­рет­ке зиян­ды­ғы жоқ. Тіп­ті оны қол­мен сүр­тіп не үгі­тіп тас­тау да дә­рет­ті бұз­байды. Сол се­кіл­ді жа­ра­дан ақ­қан ірің мен са­ры су да қан се­кіл­ді. 

3. Жел шы­ғуы. Ха­дис­те жел­дің шы­ғып-шық­па­ға­ны жайлы кү­мәнданған адам­ға жел­дің дыбысы яки исі се­зіл­мейін­ше, дә­рет­тің бұ­зыл­майты­ны жайлы айты­ла­ды [1].

4. Аузы то­лып құ­су. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Құ­су – дә­рет­ті бұ­за­ды», – дейді [2]. Ауыз то­ла су, та­мақ, қан, за­пы­ран се­кіл­ді құ­сық­тар дә­рет­ті бұ­за­ды. Қа­қы­рық тү­кі­рік се­кіл­ді бол­ған­дық­тан дә­рет­ті бұз­байды. 

5. На­маз­да ­дау­ыс­тап кү­лу. Бұл – жа­нын­да­ғы адам­ға ес­ті­ле­тін­дей кү­луі. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Кім­де-кім на­маз­да ­дау­ыс­тап күл­се, дә­ре­тін жа­ңа­лап, на­ма­зын қайта оқы­сын» дейді [3].

6. Ақыл-есі­нен айыра­тын жағ­дай­лар дә­рет­ті бұ­за­ды. Ұйық­тау, ақы­лы­на нұқ­сан ке­лу, та­лу, мас бо­лу се­кіл­ді жағ­дай­лар. Бі­рақ ұйық­тау мә­се­ле­сі бас­қа. Егер адам бір нәр­се­ге сүйе­ніп не­ме­се жан­тайып жат­са, я бол­ма­са аяқ­та­рын со­зып оты­рып ұйық­та­са, дә­рет бұ­зы­ла­ды. Өйтке­ні, мұн­дай ер­кін ұйық­та­ған жағ­дайда жел шы­ғу ық­ти­ма­лы бар. Бі­рақ адам жер­ге жақ­сы­лап оты­рып, еш­бір жер­ге сүйен­бе­се не­ме­се на­маз­да қиям­да, рү­күғ­та, сәж­де­де ұйық­та­са, тіп­ті на­маз­дан тыс осы­лайша ұйық­та­са, дә­ре­ті бұ­зыл­майды.

7. Жы­ныс­тық қа­ты­нас­та бо­лу.

8. Ер­лі-зайып­ты­лар­дың жы­ныс мү­ше­ле­рі­нің киім­сіз бір-бі­рі­не тиюле­рі.

9. Мә­сі­лер­ге мә­сіх етіл­ген­нен кейін тұр­ғын­ға бір күн, бір түн­нің, ал жо­лаушы­ға үш күн­нің өтуі не­ме­се мә­сіх етіл­ген­нен кейін сол уа­қыт ішін­де мә­сі­нің бі­реуін бол­сын шешуі.

Үзір­лі адам­ның ал­ған дә­ре­ті­нің уақы­ты шы­ғуы. Бел­гі­лі бір се­бе­бі бар, мы­са­лы, ті­сі қа­най бе­ре­тін адам әр на­маз уақы­ты­ның ішін­де сол уа­қыт үшін дә­рет алу ке­рек. Жа­ңа азан оқыл­ған­да сол уа­қыт­қа ар­на­лып ал­ған дә­ре­ті бұ­зы­ла­ды да, оған жа­ңа уа­қыт үшін қайта дә­рет алуы қа­жет.Тәйәм­мүм жа­са­ған адам­ның су­ға қо­лы же­туі.

[1] Бу­ха­ри, Уду', 34.
[2] Тир­ми­зи, Та­һа­рат, 64.
[3] Зәй­лаи, Хафз Аб­дул­лаһ ибн Юсуп. Нас­бур-­Раиә ли Аха­ди­си Һи­даиә. 1973. 1, 47-54.

Пікірлер Кіру