Истибра тек еркектерге ғана тән дүние ме?
Сұрақ: сәлеметсіздер ме. Сұрағым келгені, истибраны тек еркектер ғана жасай ма, әлде біз де жасауымыз керек пе?
Жазира.
Жауап
Сәлеметпіз. Әуелі, истибра деген – кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей арылу. Кіші дәретке истибра жасау – сүннет. Истибра дәрет алмастан бұрын аздап күту, жүру, жөтелу арқылы жасалады. Бұл – ер кісілерге байланысты іс[1].
Имам Ибн Абидин (р.а) «Раддул-мухтар» еңбегінде «Истибра, истинқа және истинжәның айырмашылықтары бабында» бұған қатысты былай деді: «Мұнда[2] еркек пен әйел бірдей. Алайда истибра басқашалау, себебі әйел истибра жасамайды. Ол кіші дәретінен кейін истинжа жасағанға дейін кішігірім уақыт күтуі жеткілікті»[3].
Тоқетері: әйел адам истибра жасамайды.
Сәттілік иесі Алла ғана.
Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы