Ай тұтылғанда не істеуіміз керек?

27 шілде 2018 10891 0
Оқу режимі

Сұрақ: Ассалам алейкум. Бүгін түнде айдың тұтылатыны туралы сөз етілуде. Ай тұтылғанда не істелінеді?


Жауап

уа алейкум салам.

Ай тұтылған кезде әр  адам өз үйінде іштей немесе дауыстап екі немесе төрт рәкәт намаз оқиды. Бұл намаздың үкімі – сүннет. Ханафи мазхабы бойынша, бұл намаз әдеттегі нәпіл намаздары сынды жамағатсыз әрі құтпасыз оқылады. Мешітте жамағатпен оқу сүннетте көрсетілмеген. Керісінше үйлерде оқылғаны абзалырақ. Себебі айдың тұтылуы түнде болатындықтан жамағаттың мешітке жиналуы қиындық тудырады. Дегенмен, мешітте оқылса, артықтық қылмайды.

Сәттілік иесі Алла ғана.

Айбек Әбдіқадыр

Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

Тегтер: ай тұтылу
Пікірлер Кіру