Тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?
20 сәуір 2020
8296
0
Оқу режимі
Тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?
Жауап
Тіс жұлдырған кезде тамаққа ештеңе өтпесе, ораза бұзылмайды. Бұған ханафи мәзһабына қатысты «Раддул мұхтар» атты кітабындағы мына сөз дәлел:
خرج الدم مِن بينِ أسنانِه و دخل حلقَه يعني و لم يصل إلى جوفه أمّا إذا وصل فإنْ غلب الدم أو تَساويا فسد و إلّا لا، إلّا إذا وجد طعمَهُ
«Тістерінің арасынан қан шығып, тамағына барса, яғни ішке өтпесе, ауызы ашылмайды. Бірақ тамақтан ішке өтсе де, қан түкіріктен басым не бірдей болса, немесе қанның дәмін сезсе, ораза бұзылады. Егер қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды»[1].
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
[1] «Радд әл-мұхтар» , 2/435-436.
Пікірлер
Кіру