Пәктігінен айырылған қызға үйленсе бола ма?

25 қыркүйек 2020 8911 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар еді.Шариғат бойынша қыз емес қызға үйленсе қалай болады және оның болашақ ұрпағына әсері болады ма? Алдын ала рахмет.


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Шариғат бойынша пәктігінен айырылған қызға үйленудің еш әбестігі жоқ. Оның болашақ ұрпаққа тигізер зияны да жоқ. Алайда, қыз күйінде алынған әйел абзал және соған басымдылық беріледі.

Оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұрын тұрмыста болған әйелді алған Жабирге (р.а.): «Саған ойнап күлетін жас қыз табылмады ма?» –  деп қойған сұрағынан байқауға болады.[1]

 

Максатбек Каиргалиев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы


[1] Әбу Дәуід.

 

Пікірлер Кіру