Жүсіпов Ерболат Нұрылдаұлы

1977 жылы 8-желтоқсанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Үйленген, 3 баласы бар.

БІЛІМІ:

* 1995-97 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ совхозы «Таяқты ишан» мешіті жанындағы медреседе діни сауатын ашқан.
* 1997-2001 жылдары Қызылорда қаласы «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған.
* 2001-03 жылдары Сирия, Дамаск қаласындағы шетелдіктерге арналған араб тілі институтының толық курсын аяқтаған.
* 2012-14 жылдары «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура тәмамдаған.
* 2014-16 «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік білім алып шыққан.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

* 2006-12 жылдары ШҚО, Өскемен қаласы мешіттерінде ұстаз болып қызмет атқарған.
* 2013 жылы Мысыр еліндегі әл-Азһар университетінде тәжірибелік жетілдіру курсынан өткен.
* 2015 жылы Малайзия Теренгану қаласындағы «Сұлтан Зайнуль Абидин» университетінде тәжірибелік жетілдіру курсынан аяқтаған.
* 2013-16 жылдары Алматы қаласы, Алатау аудандық «Заря Востока» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.
* 2016-19 жылдары Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, «Нұртай» Орталық мешітінің бас имамы болып жұмыс жасаған.
* 2019-2020 жылдары республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарған.
* 2020 жылдың 20-ақпанынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы.

МАРАПАТТАРЫ:

* 2016 жылы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Алғыс хатымен» марапатталған.
* 2017 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының «Жыл адамы» атағын иеленген.
* 2018 жылы Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.
* 2020 жылы «ҚМДБ 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
* 2020 жылы Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.