Садырханов Жұманазар Өсерханұлы

1979 жылы 23-қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі ұл, үш қызы бар.

БІЛІМІ:

* 1985-1996 жылдары Түркістан қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепте білім алған.
* 1992-1995 жылдары Түркияның Стамбул қаласындағы «А.М.Худайы қоры, Умрания муфтилігіне қарасты Құран жаттау медресесінде» білім алып, қари атанған.
* 1997-2000 жылдары Қаазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Ислам институтын тәмамдаған.
* 2013-15 жылдары «Нұр Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура аяқтаған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

* 2001-2013 жылдары Алматы Орталық мешітінде наиб имамы;
* 2014-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «С.Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.
* 2019 жылдан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келеді.

Үндістан, Малайзия, Ливия және Қырғызстандағы Құран хатым жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Орта Азия бойынша екі рет ІІ-орынға ие болған. 30-ға жуық қари тәрбиелеп шығарған.