ӘРБІР АНА МЕН ӘКЕГЕ АРНАЛҒАН ХАТ

13 қаңтар 2026 107 0
Оқу режимі

Балаңызды құртып алмаңыз

Балаңызға ешқашан айтуға болмайтын сөздер мен қалыптасқан теріс әдеттер

- «Сен еркексің, ер адам жыламайды»

Балаңызға жылауға рұқсат беріңіз, балалық шағын табиғи түрде сүрсін. Ұлыңызды «еркек жыламайды» деген қағидамен тәрбиелемеңіз. Көз жасын ішіне басқан ер адамның сезімі кейін шамадан тыс ашу-ыза, жүйкелік күйзеліс ретінде шығады. Мейірімді ер адам – жылай алатын адам.

+Балаңызды ойнап жүргенде «сен үлкенсің, ойнама» деп айтпаңыз, қатарластарымен ойнауына тыйым салмаңыз. Ол өзін-өзі сезінгенше, табиғи түрде өсіп-жетілуі үшін балалық шағын толық өткерсін.

-Балаларыңызды өз шаршауыңызбен жазғырмаңыз:

«Мен сендер үшін қанша еңбектенемін, ал сендер қадірлемейсіңдер» демеңіз. Олар сіздің ауырлығыңызды түсінбейді, олар тек балалық шағын сүргісі келеді. Сіздің әкеңіз де бір кезде тентек болды, отбасы үшін еңбек етті. Ертең олар да өз балалары үшін еңбектенеді. Балалық шақтарын еркін өткізуіне мүмкіндік беріңіз.

-Балаңыз мультфильм көргісі келсе, тыйым салмаңыз, «сен оған үлкейіп кеттің» деп мазақтамаңыз. Ол балалық шағын өз қалауынша сүрсін. Көруге бола жыласа да, оны кемсітпеңіз.

-Балаңыз өз пікірін айтқанда, оны мазақтамаңыз.

Ол – балалық ойдың жемісі. «Сенде пікір бар ма өзі?» демеңіз. Керісінше: «Пікіріңді қарастырайын, жақсы ой екен» деп қолдаңыз. Осылайша оның шығармашылығы мен дербес тұлға ретінде қалыптасуына жол ашасыз.

  • Балаңыз сізге сурет немесе қолөнерін әкелсе,

«Кейін, мен қазір матч көріп отырмын» немесе «телефон қарап отырмын» деп оны кейінге қалдырмаңыз. Барлығын қойып, еңбегін мақтаңыз. Бұл оның қабілетін дамытып, өзіне деген сенімін арттырады.

Соңында:

Балаларыңызды жазалауда да, қарым-қатынаста да алаламаңыз. Біреуін артық жақсы көріп, екіншісін елемеңіз. Жынысына қарай бөлмеңіз: ұлды көтермелеп, қызды қорлау немесе керісінше жасау – үлкен қателік. Үлкен болғаны үшін бір баланы ғана кінәлап, бар жауапкершілікті соған артпаңыз да, өзгелерін бос қалдырмаңыз. Балаларыңызды өз ішінде кемдік сезімімен өмір сүруге мәжбүр етуден сақ болыңыз.

 

Abdulakhad Smanov

Пікірлер Кіру