ТЫНЫШТЫҚ БАР...

08 қаңтар 2026 363 0
Оқу режимі

Кейде адамға күштің көптігі емес,

көңілге қонымды тыныштық керек.

Арға тимейтін, жүректі жараламайтын,

жан дүниені тоздырмай сақтайтын тыныштық.

Өмір – әр шайқасқа түсетін майдан емес.

Зиян келтіргеннің бәріне төзе беру – міндет емес.

Жақсы екенімізді дәлелдейміз деп сынуға,

адалдығымызды көрсетеміз деп қор болуға,

сүйеміз деп сыйдан айырылуға тиісті емеспіз.

Адамның өзіне ғана тиесілі шекарасы бар.

Сол шекараны сақтай білу – әлсіздік емес,

өз қадірін білгеннің белгісі.

ТЫНЫШТЫҚ БАР:

– жауап қатпай өте шығуда — арлы адам дауға түспейді;

– өткенді қазбаламауда — кей жара қайта тырналса, қанайды;

– қалу қорлыққа айналса, кетуде;

– ұсақ-түйекке мән бермеуде — жанның бағасы қымбат;

– шындықты айтуда — көтере алмаған кетсе де;

– өзіңе жатты, сұлу көрінсе де, қабылдамауда;

– қадіріңді аяққа таптағанға шек қоюда;

– жанды жүдеткен қарым-қатынастан алыстауда;

– кей жолдың соңына жету бұйырмағанын мойындауда;

– жұрттың бәріне жағамын деп жанды сарқып алмауда;

– артық сөзден тыйылуда;

– кешіруде — әлсіздіктен емес, жүректің кеңдігінен;

– қуатты үнсіз ұрлағанның бәрінен ірге ажыратуда;

– күмәнді тыя біліп, Құдайға тәуекел етуде;

– өзіңмен оңаша қалуда;

– бір рет кешіріп, екінші рет қорлатпауға бекінуде;

– түсінгісі келмегенмен дауласпауда;

– қадірің кетсе, кетуді таңдауда;

– Алла разы болмайтын, жүрекке жат нәрседен бойды аулақ салуда;

– өзіңді таңдауда, кінә сезімінсіз;

– әдейі кемсіткенді елемеуде;

– түсінгісі келмегенге түсіндірмеуде;

– бейберекет әкелген есікті жабуда;

– әр сөзге жауап қатпай өте шығуда;

– жанды қорлаған ортадан гөрі жалғыздықты таңдауда;

– өз құныңды біліп, саудаламауда;

– өлгенді тірілтемін деп әуре болмай, қажытқанды доғаруда;

– сый көрмеген жерден кетуде;

– жарты сезімге, жарты ықыласқа көнбеуде;

– жүрегіңді қорғауда — біреуге қатал көрінсең де.

ТҮЙІН:

Бұл – қаталдық емес.

Бұл – қашу да емес.

Бұл – өзін сыйлай білген адамның таңдауы.

Тыныштық – әлсіздің емес,

есті жанның,

жүрегін бағалауды үйренген адамның жолы.

Осы тыныштықты таңдай білейік.

Abdulakhad Smanov 

 

 

Пікірлер Кіру