«Көктал» мешітінде соғыс ардагерлерінің рухына Құран бағышталды

12 мамыр 2026 113 0
Оқу режимі

Елордадағы «Көктал» мешітінде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен соғыс ардагерлерінің рухына мешіт жамағатымен бірге Құран бағышталды.

Іс-шара барысында Бердімұратов Хурсан ұстаз ардагерлердің ел үшін жасаған жанқияр ерлігі жайында насихат айтып, Отан қорғаудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ бейбіт өмірдің қадірін білу, үлкенге құрмет көрсету және өткен тарихты ұмытпау жайында тағылымды әңгіме өрбіді.

Кездесуде соғыс ардагерлерінің ерлігі мен өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылып, олардың рухына дұға жасалды. Жамағат бейбітшілік пен ел тыныштығының қадірін сөз етіп, батыр бабалардың ерлігі әрдайым ел жадында сақталатынын жеткізді.

Жиын соңында ардагерлер рухына арнайы Құран бағышталып, ел амандығы мен жұрт тыныштығына дұға жасалды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру