600 000 сириялық бала Түркияда оқу бастады

27 қыркүйек 2018 6834 0
Оқу режимі

600 мыңнан астам сириялық бала Түркия мемлекетінде білім алуды бастады. «Анадолы» ақпарат агенттігі хабарлағандай, Түркияның Ұлттық білім министрлігі 2016-17 оқу жылдарынан бастап сириялық босқындар балаларын оқытуға арналған бағдарлама іске қосқан болатын.

Бағдарлама аясында сириялық балалар мемлекеттік мектептердің бірінші, бесінші және тоғызыншы сыныптарына қабылданып келеді. Ал, басқа сыныптарда оқитын балалар уақытша орталықтарда білім алып, алдымен түрік тілін меңгеріп шығулары тиіс. Тек содан соң ғана оларды мемлекеттік мектептерге қабылдайтын болмақ.

2018 жылдың қыркүйек айында Түркия аумағында тұратын мектеп жасындағы сириялық балалардың саны 1,047 миллион екені анықталған. Қазіргі уақытта Түркия Ұлттық білім министрілігі сириялық балаларды оқытудың сатылы кезеңіне аяқ басып отыр. Осылайша, 2018 жылдың 8-маусымынан бастап 610 278 сириялық оқушылар түрік мектептерінде білім алуларын қайта жалғастырды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру