73 құдық, 43 көпір ел игілігіне берілді (ФОТО)

31 желтоқсан 2020 4116 0
Оқу режимі

Жыл басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай «30 жылдыққа – 30 игі шара» атты қайырымдылық жобасы бекітілген болатын.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен, аймақтағы имамдардың ыждаһатты жұмысы мен демеуші азаматтардың көмегімен еліміз бойынша 1 жылдың ішінде өңірдегі елді-мекендерде 73 құдық тұрғындардың игілігі үшін пайдалануға берілді. Сонымен қатар «30 жылдыққа – 30 игі шара» қайырымдылық жобасы аясында 43 көпір салынып, пайдалануға берілді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру