ӘБСАТТАР ХАЗІРЕТТІҢ ҚОС КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ (ФОТО)

02 желтоқсан 2022 2033 0
Оқу режимі

Бүгін Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Әбу Насыр әл-Фараби Қазақстан және шетел ғалымдарының зерттеулерінде», «Ғалымның ғибратты жолы» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, ҚР дипломатиялық қызметінің құрметті ардагері Рафия Дербісәлиева т.б. ғалымдар мен шетелден келген мәртебелі меймандар қатысты.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру