Әдемі әуезді азаншы жаңа қызметке тағайындалды

27 шілде 2021 2739 0
Оқу режимі

Былтыр Маңғыстауда азаншылар арасында өткен «Әдемі әуезді азаншы» байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Ерлан Битенов Түркістан облысы Төлеби аудандық орталық мешітінің азаншысы қызметіне тағайындалды.

Азаншыны жергілікті жамағатқа аудан имамы Үсен Сауырбаев таныстырды. 

Жоғары білімді дінтанушы маман әр жылдары республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ұстаздық, имамдық қызмет атқарды. Көпшілікке ерекше дауысымен танымал Ерлан Битенов – Түркияның Стамбул қаласында Құран курсын тәмамдаған қари. 

Дереккөз: Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру