«AIBIKE»КЛУБЫ ҰЛТТЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

26 тамыз 2024 1196 0
Оқу режимі

Al-Fattah мешітінің бас имамы Бағдат Әбдікәрімовтың басшылығы аясында, «Aibike» қыз-келіншектер клубы жетекшісі, ұстаз Зарина Шамидуллақызының ұйымдастыруымен Елорададағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында қайырымдылық шарасы өтті.

«Хадистерде айтылғанындай мұсылманның басқа мұсылман алдында бес ақысы бар: сәлеміне жауап беру, ауырып қалғанда көңілін сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырғанда бару, түшкіріп «Әлхамдулиллаһ» деген кезінде «Йәрхамукаллаһ» деп айту. Мақсатымыз Алла разылығы үшін ауырып жатқан адамдардың  хәл-жағдайын сұрау, кішігірім сыйлықтарымызбен көңілдерін қуанту һәм жігерлендіру.», - деді клуб жетекшісі Зарина Шамидуллақызы.

Шара барысында 68 адамға жеке қолдануға арналған және қолөнерді дамытуға арналған заттар, кітап сөресіне әдеби кітаптар мен «Мұсылман қорғаны» дұға кітабы тарту етілді.

Маркетинг, халықаралық ынтымақтастық және баспасөз қызметі басқармасының басшысы Жанна Қайырбекқызы қарсы алса, №3 онкогематология кафедрасының меңгерушісі Қарабаев Азат Бағланұлы науқастарды зиярат етуде палатарға жол көрсетті.

Онкогематологиялық реанимация, онкогематология және БМТ орталығының басшысы Кемайкин Вадим Матвеевич келешекте осындай игі бастамалар аясында серіктестік етуге ұсыныс жасап, үлкен алғысын білдірді.

Демеушілік көрсеткен «Тәп-тәтті» кондитерлік желісіне, «Al-Fattah» мешітінде  өткізілген қайырымдылық жәрмеңкесіне атсалысқан барша белсенділерге шексіз алғысымызды білдіреміз!

Пікірлер Кіру