«Әл-Фараби» кітапханасында «мүфтият» рухани-танымдық бұрышы ашылды (ФОТО)

01 маусым 2021 2961 0
Оқу режимі

Бүгін Шымкент қалалық «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мүфтият» рухани-танымдық, имандылық бұрышы ашылды.

Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров және Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов қатысты.

Алдымен мәртебелі қонақты «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Дәурен Әуелханұлы кітапхандағы оңды өзгерістер туралы баян етіп, Әл-Фарабидің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін шағын музей жұмысымен таныстырды. Осыдан кейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен аталған кітапханадан «Мүфтият» рухани-танымдық имандылық бұрышының ашылуы өтті. Айта кетсек, аталмыш имандылық бұрышына ҚМДБ тарапынан сарапатаудан өткен кітаптар қойылды.

Жалпы кітапханада 400 мыңнан астам кітап қоры бар.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру