«ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІ 25 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН СЫЙЛЫҒЫН» ТАРТУ ЕТТІ (ФОТО)

18 наурыз 2025 478 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының «Әл-Фараби» мешітіндегі жауапты маманы Алтынбеков Аманжолдың ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазан айында сауабы еселенетін көркем істерден. Алланың мейірімі мен шапағаты мол айда қайырымдылық жасауда жарысып, жақсылықтың сауабына кенелуді қалаған «Әл-Фараби» мешітінің «Жастар ісі» бөлімі кезекті қайырымдылық шараға атсалысты.

Алла Тағаланың Құранда айтылған «Қайырдан не істесеңдер де, күдіксіз Алла оны біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят) деген өсиетіне амал еткен мешіт ұжымы әлеуметтік аз қамтылған мұқтаж 25 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері үлестірді. Көмек алушы кісілер мешіт қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, ізгі ниет-тілектерін жаудырды.

e044a9b7-ad4b-4973-be4a-75402d20b625.jpgd6922e56-13ed-4495-9795-4bcf4c731924.jpgc27ffbba-6f28-43d2-8dcd-f7cfb0077dd2.jpgf239ac95-6ad6-4e18-8457-7b202ef550f8.jpgd35e7b56-754d-4266-a0a5-6c56d6421072.jpg982edf8d-14df-4582-976a-eb60aa2248e0.jpgafae40c3-84e2-4a8b-866f-cae8fe791d09.jpg0dfb98c0-9018-4278-b171-3329d3d255cb.jpg3bbb6dc2-c3b2-4a9a-b672-4152a1e56ad6.jpg

Дереккөз: Ummet.kz – рухани-ағарту порталы

Пікірлер Кіру