«ӘЛ-ФАТТАХ» МЕШІТІ ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО)

14 қазан 2024 180 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы негізінде Астана қаласы өкілдігіне қарасты «әл-Фаттах» мешіті Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына экскурсия ұйымдастырды.

«Әл-Фаттах» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев бастаған шәкірттер қауымы басқа да Алаш арыстарының еңбектерімен танысып, өмір жолына ойша шолу жасап қайтты.

Қысқаша айта кетсек, Ілияс Жансүгіров - қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.

Пікірлер Кіру