«Әл-Фаттах» мешітінде садақ атудан жарыс өтті

12 мамыр 2026 23 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әл-Фаттах» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ұлттық спортты дәріптеуге арналған садақ ату жарысы ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушылар ата-бабадан мирас болған мергендік өнер бойынша бақ сынап, ептілік пен дәлдіктерін көрсетті. Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жарысқа жастар белсенді қатысты. Сондай-ақ жиын барысында бірлік, бауырмалдық және дәстүр сабақтастығы жайында насихат айтылып, ұлттық мұраны ұлықтаудың маңызы сөз болды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру