«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ ҮШ ОТБАСЫҒА КӨМІР ЖЕТКІЗДІ
08 қазан 2026
65
0
Оқу режимі
«Әл-Ғани» мешітінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қыс мезгіліне дайындық аясында жанашыр азаматтардың қолдауымен әр отбасыға 2 тоннадан көмір жеткізіліп, үйлеріне түсіріліп берілді. Осылайша әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға қыс мезгілінде қажетті көмек көрсетілді.
Игі бастама мұқтаж жандарға қолдау білдіріп қана қоймай, қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты арттыруға бағытталды.
Қайырымдылық ісіне атсалысқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла Тағала жасаған ізгі амалдарын қабыл етіп, ниеттеріне береке берсін!




Пікірлер
Кіру