«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНІҢ ЖАСТАРЫ АУЫЗ БЕКІТКЕНДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ (ФОТО)
26 ақпан 2026
28
0
Оқу режимі
Қасиетті Рамазан айының берекелі күндерінде Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешіті жанындағы Жастар ісі секторы игі бастама ұйымдастырды.
Ауыз бекітіп, жолда жүрген жолаушыларға құрма мен су үлестіріліп, ауызашар уақытында қолдау көрсетілді. Бұл шараның мақсаты – ораза ұстаған жандарға жеңілдік жасау, сауапты іске ұйытқы болу және қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру.
Игі іске мешіт жастары белсенді түрде атсалысып, сауапты амалдың басы-қасында жүрді. Олар ауызашар уақыты жақындаған сәтте көшедегі және қоғамдық орындар маңындағы жолаушыларға құрма мен су таратып, жылы лебіздерін білдірді.





Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру