«ӘЛ-ҒАНИ»: ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫН» ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)

22 наурыз 2025 448 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әл-Ғани» мешітінің Жастар ісі секторына жауапты Нұрсұлтан Аманжолұлының ұйымдастыруымен 75 дана «Рамазан қоржыны» таратылды. Қайырымдылық шарасы қасиетті Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылып, халыққа қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылды.

Рамазан қоржынында су, құрма және тіске басар (бургер) болды. Қоржындар көлік кептелісінде қалып, үйлеріне жете алмай тұрған жүргізушілерге үлестірілді. Бұл игі іске мешіт жастары қатарынан құралған еріктілер белсене атсалысты.

Іс-шараның басты мақсаты – мешіт жастарының халыққа қызмет етуге құштарлығын көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру. Осындай игі іске қолдау білдірген барша азаматтарға Алла разы болсын!

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру