Албан мұсылмандары қажылыққа велосипедпен шықты

13 шілде 2018 7339 0
Оқу режимі

Албаниялық екі мұсылман қажылық сапарына велосипедпен шықты, деп хабарлайды TRT түркиялық телеарнасы.

Имам Әмір Аслани мен досы Сенад Идриси кәсіби велосипедші, сол себепті жол ауыртпашылығын сезініп, бел шешіп шығып отыр, деп жазады ummamag.kg.

«Біз ілгергі уақыттағы мұсылмандар басынан өткерген қажылық сапарының сынақтарынан өткіміз келеді. Кезінде мұсылмандар ислам дінінің үлкен парызы – қажылықты орындау үшін ұзақ жолдар жүріп, тер төккен» дейді Әмір мен Санад.

Олар осы сапарға екі жыл бұрын дайындықты бастаған екен. Алты аптаға жоспарланған сапарда олар бес мемлекетті кесіп өтеді: Албания, Грекия, Эгей теңізі арқылы Түркия тарапы, Жерорта теңізі арқылы Египетке, Акаба шығанағымен кеме арқылы Хижазға Мекке мен Мәдина қаласына жетуді жоспарлайды.

«Біз қазірдің өзінде Албанияда нөсерлі жауынды көрдік. Біз алдағы сапарымызда аптапты ыстықты көретінімізді сезінеміз. Барлық қиындықтарға дайынбыз деп ойлаймын» деді Аслани.

Олар Мекке қаласына қажылық жасаумен қатар, Түркия мен Мысыр елдеріндегі қасиетті орындарды аралауды көздейді. «Біз ешбір қиындыққа мойымастан барша мұсылмандарды қажылық жасауға шақырамыз» дейді велосипедші қажылар.

Пікірлер Кіру