АЛМАТЫДА ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ (ФОТО)

22 ақпан 2024 613 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Ұлттық кітапханада «Ислам және дәстүр құндылығы» жылына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

«Биылғы жылды діни қызмет аясында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп атағанымызды жақсы білесіздер. Осы орайда асыл дініміз бен ата-бабамыздан мұра болған салт-дәстүрімізді ел арасында кеңінен насихаттауды қолға алдық. Бүгінгі іс-шара соның айғағы» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Іс-шара барысында Бас мүфти сәбидің тұсауын кесіп, арнайы дұға жасады. Сонымен қатар Ұлттық кітапханаға Muftiyat баспасынан шыққан кітап топтамасын сыйға тартты.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру