Алматыда Құранды жатқа оқудан қалалық байқау басталды

22 мамыр 2021 2891 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігі және «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Гүлжан Төлегенқызы» атындағы Құранды жатқа оқудан ұлдар мен қыздар арасындағы қалалық байқау басталды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыс ұлдар арасында Құранды толық және 15 парасын жатқа оқу бойынша және қыздар арасында Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша 3 номинациядан тұрады.

Көрермендер еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты Құран байқауын azan.kz сайтының ютуб каналы мен azan.kz_1 инстаграм парақшасынан  онлайн ғана тамашалай алады. 

Azan.kz_1 instagram парақшасының сілтемесі:

https://www.instagram.com/azan.kz_1/?hl=ru 

Дереккөз: Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру