АЛМАТЫДА РАНТ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ (ФОТО)

24 қыркүйек 2023 1859 0
Оқу режимі

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған семинар басталды.

Семинар жұмысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, РАНТ мүшелеріне «Уағыз айту әдебі мен уағызшының міндеті» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ уағызшы имамдарды мүбәрак Мәуліт айымен құттықтап, дін жолындағы қызметтеріне береке тіледі.

«Расында да қоғамда әртүрлі пікірдегі сан алуан адам бар. Біз барлығының ойынан шыға бермеуіміз мүмкін. Ең бастысы қара шаңырағымыз болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармамыздың аясына топталып, ауыз-біршілігімізді сақтап, ықыласпен қызмет етуіміз керек. Осы орайда облыстарға барып, қызмет жасап, насихат жұмыстарын жүргізіп отырған өздеріңізге алғыс білдіремін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, семинар барысында РАНТ мүшелеріне дін ғалымдары, Діни басқарманың Ғұламалар кеңесі мүшелері Сансызбай Құрбанұлы, Ершат Ағыбайұлы, Төрәлі Қыдыр, Рашид Мұхитденов және басқа да ұстаздар дәріс оқып, сертификат табысталады. Семинардың мақсаты – РАНТ-ның қоғамдағы беделін арттыру.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру