«Алтын ине» үйірмесінде бас киім тігуден шеберлік сағаты өтті (ФОТО)

09 сәуір 2021 3695 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Алтын ине» тегін тігін үйірмесінде бүгін әйелдердің сәнді бас киімің (тюрбан) тігуден шеберлік сағаты болып өтті. Үйірме жетекшісі Рахметова Салтанаттың ұйымдастыруымен тігін орталығына белгілі қолөнерші Мақпал Исмаилова шақырылып, шәкірттермен өз тәжірибесін бөлісті.

Шеберлік сағаты аясында шәкірттер қазіргі таңда мұсылман қыз-келіншектерінің сұранысына ерекше ие болған тюрбан бас киімін тігудің жолын үйреніп, шара соңында Мақпал ханыммен бірге өздері де алғашқы бас киімдерін тігіп шықты.

Үйірме шәкірттеріне білгенін үйретіп, тігіншілік өнердің қыр-сырымен таныстырған Мақпал Исмаиловаға шара соңында арнайы алғыс білдіріп, мешіт атынан сый-сияпат берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру