«Әлжан ана» мешітінде «Ислам мен ұлттық дәстүр үндестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Астана қаласында әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әлжан ана» мешітінде «Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны мешіттің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ашып, тақырып аясында маңызды ойларымен бөлісті. Жиын барысында ислам құндылықтары мен ұлттық дәстүрдің өзара сабақтастығы, қоғам тәрбиесіндегі рөлі кеңінен талқыланды.
Сектор жетекшісі Бекет Күлсара сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, «Әлжан ана» мешітінің ұстазы Бақытгүл Жикенова және елорда ұстаздары Әсел Қыдырмина мен Мұрат Айгерім өз пікірлерін білдіріп, дәстүрлі ислам мен ұлттық тәрбиенің қоғамдағы орны туралы ой қозғады.
Іс-шара соңында Алтынбек Ұтысханұлы қатысушы ұстаздарға «Ислам жарастыра ма, таластыра ма?» атты кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар, әр ұстазға өз бағытына сай тапсырмалар пысықталып, алдағы жұмыстарға қатысты нақты міндеттер жүктелді.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі