«Әлжан ана» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО+ВИДЕО)

24 қаңтар 2022 2521 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әлжан ана» мешіті өткен апта соңын қайырымдылық шарасымен аяқтап, мешіт маңындағы мұқтаж отбасылардың алғысына бөленді. Мешіт бас имамы Әділхан Иманәліұлының ұйытқы болуымен «Ідіріс Орынбасар» атындағы қор демеушілік жасап, 53 отбасыға азық-түлік қоры таратылды.

Қайырымдылық шарасына қор директоры Орынбасаров Манас Ідірісұлы арнайы қатысып, жамағатқа рухани қолдау лебіздерін білдірді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру