«Әлжан ана» мешітінде сенбілік жұмыстары өтті

13 сәуір 2026 125 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.

Игі іс-шараға мешіт имамдарымен қатар жамағат та белсене қатысып, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарына бір кісідей жұмылды. Сенбілік барысында мешіттің айналасы толық тазартылып, аумақ ретке келтірілді. Қатысушылар тазалық жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқарып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру