«АНАЛАР ҮЙІНДЕГІ» НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

08 наурыз 2025 223 0
Оқу режимі

«Aq meshit» мешіті Астана қаласы Полиция департаментінің Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімімен бірлесе отырып, «Аналар үйі» қоғамдық қорына барып, нәзік жандыларды мерекемен құттықтады.

«Aq meshit» мешітінің ұстазы Рахымжан Алдашұлы уағыз-насихат айтып, бастарына түскен сынаққа мойымай көркем түрде сабырлық танытуға шақырды. Сондай-ақ, аналарға әдемі гүл шоқтары мен тәттілер тарту етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Департамент басшылығы да өз кезегінде мешіт ұжымына алғысын жеткізді. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жәннат –аналардың табанының астында» – деп, ананың қадірі мен құрметін айрықша атап өткен. Мұндай игі іс-шаралар – адамдарға құрмет көрсетіп, оларға мейірім таныту арқылы қоғамға ізгілік таратуға сеп болмақ.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру