«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ «АТАЛАР МЕКТЕБІ» АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ
13 наурыз 2026
101
0
Оқу режимі
Елордадағы «Aq meshit» мешітінде «Аталар мектебі» жобасы аясында кезекті семинар ұйымдастырылды.
Тағылымды басқосуға жиналған ақсақалдар ел бірлігі мен қоғамның тұрақты дамуына қажетті құндылықтар жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.
Қариялар жастар тәрбиесінің маңыздылығына тоқталып, жас буынды түрлі жат ағымдардың жетегінде кетпеуге шақырды. Сонымен қатар, дәстүрлі Ислам құндылықтарын ұстанып, мемлекетшілдік рухты сақтау мен ұлттық бірлікті нығайтудың маңызы кеңінен айтылды.
Жиын соңында ақсақалдар жастарға ақыл-кеңестерін айтып, ел болашағы үшін рухани тәрбие мен ата-баба жолын насихаттаудың маңыздылығын жеткізді. Кездесу соңында ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру