«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ ПАЙҒАМБАР АТЫНАН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНДЫ

12 қазан 2026 221 0
Оқу режимі

«Aq meshit» мешітінде Пайғамбaрымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) атынан ірі қара мал құрбандыққа шалынды.

Мешіт имамы Дәурен Муслимовтың бастамасымен жүзеге асқан игі шара барысында сойылған құрбандық еттері мұқтаж жандарға таратылды. Ұйымдастырушылар шараға атсалысқан барша жамағатқа алғыс білдіріп, ізгі тілек білдірді.

Айта кетсек, бұндай игі іс сонау сахабалар дәуірінен бастау алады. Әйгілі сахаба Әли (р.а.) құрбандық кезінде екі қошқар шалатын: бірін өзі үшін, екіншісін Пайғамбар атынан арнайы құрбандыққа шалған. Хазреті Әли бұл амалының себебін: «Бұл – Алла Елшісіне деген махаббатым мен оның өсиетіне мойынсұнуым», – деп түсіндірген.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру