«AQ MESHIT» МЕШІТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДЫ УАҒЫЗ КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)
17 ақпан 2026
90
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы «Aq meshit» жамағатымен кешкі дастархан басында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Жиында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Шалқар Жолды «Жүрекке жеткен жылы сөз – жанға дауа» тақырыбында әсерлі уағыз-насихат айтты. Ұстаз өз сөзінде жүрек тәрбиесі, көркем мінез, сабыр мен шүкірдің маңыздылығына тоқталып, мұсылманның рухани кемелдену жолындағы жауапкершілігін кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ қасиетті Рамазан айына дайындық мәселесі қозғалып, құлшылық-ғибадатты арттыру, Құран оқуға көңіл бөлу және игі амалдарды көбейту қажеттігі айтылды. Рухани басқосуда жамағат еркін пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру