«Aq meshit» пен Республикалық Бас мешіт жастары арасында достық футбол кездесуі

10 сәуір 2026 111 0
Оқу режимі

«Aq meshit» пен Республикалық Бас мешіт арасында футболдан достық кездесу өтті.

Аталған спорттық іс-шараны «Aq meshit» мешітінің Жастар ісі секторы ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мешіт жамағаттары арасындағы өзара байланысты нығайту және достық қарым-қатынасты арттыру.

Ойын барысында екі команда да жоғары белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты матч өрнегін көрсетті. Қатысушылар алаңда тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар ұйымшылдық пен сыйластық үлгісін де байқатты.

Мұндай игі бастамалар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етіп қана қоймай, бірлік пен бауырмалдықты арттыруға да өз үлесін қосатыны айтылды.

Кездесу соңында тараптар бір-біріне алғыс білдіріп, осындай достық форматтағы спорттық шараларды алдағы уақытта да жалғастыруға ниет білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру